«Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ полиция капитаны, Сергеевка қаласының тумасы Дарина Билденованы «Tomiris» командасының құрамында халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінде І орын иеленуімен шын жүректен құттықтайды.
Біз жерлесімізді мақтан тұтамыз! Оның кәсіби шеберлігі, қайсарлығы және қызметіне адалдығы – өскелең ұрпаққа үлгі.
Мектебіміздің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шал ақын ауданы аудандық полиция бөлімінің базасында Дарина Билденованы арнайы құттықтап, ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді. Бұл кездесу оқушыларымыз үшін үлкен шабыт пен жоғары мақсаттарға ұмтылуға серпін берді. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз

Жаңа жыл мерекесіне орай «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, подполковник Еслямбек Ерлік Жанұзақұлы оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында мектеп директоры Мұхамедин С.К. және сынып жетекшісі Сыздықова Д.М. оқушыларға арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстап, білім алуда табысты болып, тәртіп пен жауапкершілікті жоғары деңгейде сақтауларына тілектестік білдірді.Өскелең ұрпаққа көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін аудандық ішкі істер бөліміне зор алғысымызды білдіреміз.


🏆 Облыстық «Жас сақшы» сайысы 🏆
5 қараша күні Петропавл қаласындағы «Динамо» стадионында «Жас сақшы» сыныптары арасында облыстық спорттық сайыс өтті.
Академик Е.А. Букетов атындағы КММ «Мектеп-гимназиясы» оқушылары бұл сайысқа белсене қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетті.
📣 Сайыс қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі III орынды иеленді!
Жарысқа қатысқан оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! 💪🎉


Бүгін «Академик Е. А. Букетов атындағы мектеп-гимназиясында» КММ 7 «Ә» сынып оқушылары үшін «Жас сақшы» сыныбында танымдық сабақ өтті.
Сабақты Шал ақын ауданының полиция бөлімінің майоры Енсегенова Жібек Жұмабекқызы өткізді.
Сабақ барысында оқушылар құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын, жасөспірімдердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жас азаматтардың рөлін түсінді.
Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті — оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

📚 «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» айлығы аясында Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында «Менің құқығым — менің жауапкершілігім» тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерімен сұхбат-беседа форматында ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын түсіндіруге, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталды.
Кездесуге 5–11-сынып оқушылары қатысты. Түсіндіру жұмыстарын Шал ақын ауданы полиция бөлімінің майоры Енсегенова Жібек Жұмабекқызы жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сана-сезімін арттыруға ықпал етеді
