Профилактика правонарушений

Ата-аналар жиналысы
2026 жылғы 12 ақпанда Шал ақын ауданы прокуратурасының бастамасымен мектепте ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста келесі мамандар баяндама жасады:
— Шал ақын ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әбілмажинова Сания Серікқызы;
— Шал ақын ауданы ЖПҚ инспекторы, полиция майоры Енсегенова Жібек Жұмабекқызы;
— мектептің педагог-психологы Әшім А.Т.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлқының профилактикасы, сондай-ақ 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы ақпан аралығында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды. 

 

28 қаңтар күні Шал ақын ауданы ПБ ОМПС ГЮП УИП инспекторы, полиция майоры Енсегенова Жібек Жұмабекқызы әлеуметтік педагогтармен бірлесіп 7–11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу тақырыбы — «Буллинг және кибербуллинг. Әкімшілік құқықбұзушылықтар».
Әңгіме барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдары, олардың салдары, сондай-ақ заңнамада көзделген құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндірілді. Ерекше назар интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық, бір-біріне құрметпен қарау және жанжал туындаған жағдайда уақытылы көмекке жүгіну мәселелеріне аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.