А.Ж.Т: Макашева Саида Амировна
Туған күні: 04.07.1972
Ұлты: қазақ
Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы , Шал ақын ауданы, Сергеевка қ.
Білімі : Еңбек Қызыл Ту орденді Петропавл педагогикалық училищесі
Қазіргі атқарып отырған лауазымы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ, «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ жанындағы «Тамшы» шағын орталығының әдіскері
Педагогикалық еңбек өтілі : 21 жыл,
Санаты: педагог-модератор
Еңбек қызметі:
2004 ж- Кривощеково ОМ мектепалды сынып тәрбиешісі
2014 ж –«Тамшы» шағын орталығы тәрбиешісі
2016 ж- «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ мектепалды сынып тәрбиешісі
2026 ж- «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ жанындағы «Тамшы» шағын орталығы әдіскері
Байланыс телефоны: 8 777 609 73 26
Бүгінгі таңда «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ жанындағы «Тамшы» шағын орталығында 5 топ жұмыс істейді. Мұнда 88 тәрбиеленуші тәрбиеленіп, білім алуда. Балалардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуына 10 тәрбиеші өз үлестерін қосып келеді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында шағын орталықта тәрбиеленушілердің бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, мейірімділік және отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруге бағытталған түрлі тәрбиелік іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Тәрбие жұмыстары балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойындар, танымдық сабақтар, шығармашылық жұмыстар, әңгімелесу, тақырыптық іс-шаралар, мерекелік ертеңгіліктер және күнделікті тұрмыстық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Балаларға үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, достарына көмектесу, шындықты айту, өз ісіне жауапкершілікпен қарау сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы түсіндіріледі. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді құрметтеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында да жұмыстар жүргізіледі.
Тәрбиешілер әрбір баланың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға және қоғамда өзін лайықты ұстауға тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.
«Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Тамшы» шағын орталығында балалардың дамуына бағытталған әртүрлі іс-әрекет түрлері жүргізіледі.
Тәрбиешілер ұлттық ойындарды ұйымдастырады. Бұл ойындар балаларды халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстырып, ептілік, зейін және командалық рухты дамытуға көмектеседі.
Сондай-ақ сюжеттік-рөлдік ойындар кеңінен қолданылады. Мұндай ойындарда балалар қарым-қатынас жасауға үйреніп, қиялын дамытады және әлеуметтік рөлдерді меңгереді (отбасы, дүкен, аурухана және т.б.).
Үстел үсті ойындары логикалық ойлауды, есте сақтауды, табандылықты және ережелерді сақтау дағдыларын дамытады.
Осы іс-әрекеттердің барлығы кешенді түрде балалардың адамгершілік қасиеттерін, дербестігін, мейірімділігін және оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді

"Тамшы "шағын орталығы . "БАЛАПАН" орта тобы, тәрбиеші: Матюшина В. А . Театрландырылған іс-шаралар, "Теремок", "репа"ертегілері. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, ойлауын, қиялын, зейіні мен қиялын, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларын дамыту.

"Тамшы" шағын орталығы. "БАЛАПАН "тобы. "Түсті табу", "Лабиринт", "геометриялық фигуралар"дидактикалық ойындары. Бұл ойындардың мақсаты-есте сақтау мен зейінді дамыту, геометриялық фигураларды қайталау және бекіту.
