«Тамшы» шағын орталығының консультациялық пункті
Құрметті ата-аналар!
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ жанындағы «Тамшы» шағын орталығының консультациялық пунктіне қош келдіңіздер!
Консультациялық пункт – мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына педагогикалық, психологиялық және әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған қызмет.
Біздің басты мақсатымыз – ата-аналарға бала тәрбиесі мен дамуы мәселелерінде кәсіби көмек көрсету, мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау және отбасындағы тәрбиелеу үдерісін қолдау.
Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:
- ата-аналарға немесе заңды өкілдерге консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру;
- белгілі бір себептермен мектепке дейінгі ұйымға бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету;
- мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне КП - тің қызметі аясында балаға көрсетілетін білікті көмек түрлері туралы қажетті ақпарат беру арқылы көмек көрсету.
Балалардың ата аналарына немесе заңды өкілдеріне консультациялық көмек мамандардың қызметін кіріктіру негізінде көрсетіледі: әдіскер; тәрбиеші; музыка жетекшісі; дене шынықтыру нұсқаушысы; педагог-психолог; логопед; медбике; казақ тілі педагогі.
Консультациялық пункт мамандарының жұмыс кестесі
|
Апта күндері |
Жұмыс уақыты |
Жауаптылар |
|
Күн сайын |
09.00- 11.00 |
әдіскер |
|
Күн сайын |
09.00- 11.00 |
Тәрбиеші |
|
Күн сайын |
13.30-15.00 |
Медбике |
|
Бейсенбі, жұма |
09.30-09.55 |
Педагог-психолог |
|
Дүйсенбі, сейсенбі |
10.00-10.25 |
Логопед |
|
Дүйсенбі, сәрсенбі |
10.30-10.55 |
Дене шынықтыру нұсқаушысы |
|
Жұма |
10.00-10.25 |
Қазақ тілі педагогі |
Ата-аналарға кеңес
Баланы балабақшаға бейімдеу;
Күн тәртібін сақтау;
Баламен көбірек сөйлесу;
Өздігінен әрекет жасауға үйрету;
Сөйлеуді дамытуға арналған ойындар;
Сурет бойынша әңгіме құрастыру;
Дыбыстарды дұрыс айту жаттығулары;
Саусақ ойындары;
Мектепке даярлық;
Ұсақ моториканы дамыту;
Зейін мен есте сақтауды жетілдіру;
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Құжаттар
Консультациялық пункттің ережесі;
Жылдық жұмыс жоспары;
Іс-шаралар жоспары;
Ата-аналарға арналған жадынамалар;
Есеп беру материалдары.
«Тамшы» шағын орталығында балалар мен ата-аналарға арналған кеңес беру пункті жұмыс істейді. Онда балалардың жан-жақты дамуы, тәрбиесі және мектепке дайындығы бойынша сабақтар мен кеңестер жүргізіледі.
Консультациялық пункттің міндеттері:
1.Ата-аналарға (заңды өкілдерге) балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша кеңес беру.
2.Отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
3.Балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтау және олардың алдын алу.
4.Балаларды мектепке даярлау.









"Тамшы" шағын орталығындағы консультациялық пунктте жұмыс істеу
"Кішкентай көмекшілер" тақырыбындағы ойын-сабақ (ұсақ моториканы дамыту)
Мақсаты: балалардың ұсақ және жалпы моторикасы мен сөйлеуін дамыту, олардың көкжиегін кеңейту.
Балалармен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу процесінде әртүрлі материалдарды қолдану арқылы әртүрлі әдістер мен әдістер қолданылады.
"Кірпі" , "Шілтер"Ойыны
__________________________________________________________________________________________________________________________