«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары»
 Мектебімізде 1–11 сыныптар арасында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар Конституцияның маңызы, заңға құрмет, құқық пен міндет, әділдік пен тәртіп құндылықтары туралы кеңінен мәлімет алды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлін талқылады.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, Отанға деген құрмет пен адал азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
 
Дата публикации: 25.05.2026