🌟 Шын жүректен құттықтаймыз
Құрметті Зубайра Сериковна!
Сізді «Педагогикалық өсу аумағы» облыстық педагогикалық байқауының «Әдістемелік шеберлік» номинациясы бойынша I дәрежелі Дипломмен марапатталуыңызбен және лайықты жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 

Бұл жеңіс — Сіздің қажымас еңбегіңіздің, терең біліміңіз бен өз ісіңізге деген шексіз махаббатыңыздың заңды нәтижесі. Сіз сияқты өз кәсібінің шебері, шығармашыл әрі ізденімпаз ұстаздың жетістігі баршамыз үшін үлкен мақтаныш!
Сізге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыстар, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз. Ұстаздық жолындағы еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіздің ықыласы мен құрметіне бөленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Әрқашан деніңіз сау, отбасыңыз аман, жұмысыңыз берекелі болсын! Жеңісті күндеріңіз көп болғай! 


Дата публикации: 25.11.2026