Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында әскери-патриоттық жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында бітіруші сынып оқушылары Академияның оқу жағдайларымен, түсу талаптарымен, курсанттардың өмірімен және болашақтағы мүмкіндіктерімен танысты.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру, офицер мамандығының маңыздылығын түсіндіру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Отанға қызмет ету — абыройлы міндет!
 
Дата публикации: 26.11.2026