ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
КГУ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» оқушыларының кезекті жарқын жетістігімен мақтанамыз! 🌟
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, жүлделі ІІ ОРЫНҒА ие болған оқушыларымызды және олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз:
🥈 Брехт Ангелина (10-сынып оқушысы)
🔬 Жоба тақырыбы: «Смартфон физикасы: акселерометр және гироскоп»
👨‍🏫 Ғылыми жетекшісі: Турленов Н.Н.
🥈 Закиров Расул (11 «Ә» сынып оқушысы)
⚖️ Жоба тақырыбы: «Интернет-алаяқтық (фишинг және дропперлік): Қазақстан Республикасындағы құқықтық жауапкершілік»
👩‍🏫 Ғылыми жетекшісі: Төлепберген Д.Ж.
Жас зерттеушілеріміздің ғылымға деген құштарлығы, табандылығы мен ізденімпаздығы жоғары бағаланды. Оқушыларымыз бен ұстаздарымызға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа ғылыми ашылулар мен биік белестерді бағындыруды тілейміз! 👏✨
 
Дата публикации: 24.11.2026