«Аспаздық тарихының білгірлері»
Бүгін аспаздық сыныбымен «Аспаздық тарихының білгірлері» тақырыбында қызықты викторина ойыны өтті.
Викторинаның мақсаты студенттердің көкжиегін кеңейту, аспаздық тарихына қызығушылықты дамыту және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру болды.
Ойын барысында оқушылар әйгілі тағамдардың шығу тегіне, аспаздық дәстүрлердің тарихына қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап берді және әлем тағамдары туралы қызықты деректермен танысты. Викторина бірнеше кезеңнен тұрды:, «Тағамды тап», «Тарихи факт» және «Әлемнің аспаздық дәстүрлері». Қатысушылар белсенді қатысып білімділік танытты.
Тағамдарды шыққан елдерімен сәйкестендіруді және сипаттамалар бойынша ингредиенттерді табуды талап ететін тапсырмалар ерекше қызықты болды. Бұл студенттердің логикалық ойлауы мен танымдық белсенділігінің дамуына ықпал етті.
Іс-шара соңында нәтижелер қорытындыланып, ең белсенді студенттер марапатталды.
.jpg)


Дата публикации: 10.04.2026