«Заң және тәртіп»
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 9-сынып оқушылары үшін «Мектептен тыс есірткі жасырын қоймасы» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шал ақын ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Енсегенова Ж.Ж. қатысты.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі заттарын қолдану мен тарату салдарларын түсіндіру, сондай-ақ буллинг пен агрессивті мінез-құлықтың алдын алу.
Шара барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және өмірлік жолды саналы түрде таңдауға ерекше көңіл бөлінді.
Көрсетілімнен кейін талқылау ұйымдастырылып, 9-сынып оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, заңды сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Дата публикации: 29.04.2026