«Заң және Тәртіп»
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, кәмелетке толмағандар арасында заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сананы тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған «Құқықтық сауаттылық» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі» тақырыбында құқықтық диктант ұйымдастырылып, оған оқушыларымыз белсенді қатысты.
Диктант басталар алдында Шал ақын ауданы прокуратурасының прокуроры Абильмажинова Сания Сериковна сөз сөйлеп, тақырыптың маңыздылығына тоқталып, заңды білу мен өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шараға білім бөлімінің әдіскері Капеева Гульмира Амангельдиновна қатысып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырудың және олардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Дата публикации: 10.04.2026