«Мен енді есейдім»
Мектебімізде 4-сынып оқушыларына арналған «Мен енді есейдім» атты тренингтер өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — 5-сыныпқа көшуге дайындық кезеңінде оқушылардың жеке және ситуациялық мазасыздық деңгейін төмендету, коммуникативтік дағдыларын дамыту және оқу мотивациясын арттыру.
Тренинг барысында оқушылар өз эмоцияларын жақсы түсінуге, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға, өз ойларын еркін жеткізуге және алдағы өзгерістерге байланысты толқуды жеңуге үйренді.
Сонымен қатар, оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық тестілеу жүргізілді. Алынған нәтижелер педагогтар мен мектеп психологына осы маңызды кезеңде оқушыларға қолдау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптан орта буынға өту — әр оқушы үшін маңызды кезең. Біз бұл кезеңнің барынша жайлы әрі сәтті өтуіне жағдай жасауға тырысамыз!
 
Дата публикации: 23.04.2026