Ғарышкерлер күніне орай мектепте суреттер көрмесі ұйымдастырылды

2025 жылғы 11 сәуір Академик Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиясында Ғарышкерлер күніне орай мектепте суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар ғарыш тақырыбында салған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Суреттерде ғарыш кемелері, планеталар, жұлдыздар мен ғарышкерлер бейнеленіп, балалардың қиялы мен өнерге деген қызығушылығы байқалды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Көрме көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, үлкен қызығушылық тудырды.

Дата публикации: 11.04.2025