Ұлттық валюта күні
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған акция аясында 8-сынып оқушыларына қаржылық сауаттылық тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараны өскелең ұрпақ үшін аса маңызды әрі пайдалы деп санаймын. Себебі ақшаны дұрыс басқару, қаржылық шешімдерді сауатты қабылдау – әрбір адамға қажетті өмірлік дағдылардың бірі.
Тәрбие сағаты барысында қаржылық жинақ қалыптастырудың маңыздылығы, ломбардтарға жүгінудің тәуекелдері, сондай-ақ қаржылық пирамидалардың қауіптілігі мен оларды ажырату жолдары қарастырылды.
Оқушылардың назарын ақшаға жауапкершілікпен қарауға, жеке бюджетті жоспарлауға, ойланбай қаржылық шешімдер қабылдамауға және алаяқтық әрекеттерден сақтануға аудардық.
Осындай сабақтар оқушылардың бойында қаржылық мәдениетті ерте жастан қалыптастырып, оларды болашақта өз қаржысын сауатты басқара алатын жауапты азамат болуға тәрбиелейді деп сенемін.
 
Дата публикации: 17.11.2026