"Татулық – ел тірегі"
"Татулық – ел тірегі" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 6-10 сынып оқушылары белсене қатысып, ел бірлігі мен татулықтың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін, әртүрлі этностардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын мақтанышпен атап өтті. Олар татулықтың ел дамуының негізі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі екенін тілге тиек етті.
 
Дата публикации: 28.04.2026