«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.
Мектептің педагогикалық ұжымы мен қызметкерлері бірігіп, мектеп аумағын таза, жайлы әрі көрікті ету мақсатында ортақ іске атсалысты. Сенбілікке қатысушылар аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және бірлескен еңбектің маңызын түсінуге ықпал етеді.
Өйткені тазалық әрқайсымыздан басталады, ал туған жерге деген сүйіспеншілік нақты істерімізден көрінеді! 
Дата публикации: 30.10.2026