Даңқ өшпесін. Дәстүр жалғасын тапсын!
Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия” КММ-де 8 мамыр күні оқушыларға арналған «Даңқ өшпесін. Дәстүр жалғасын тапсын!» атты кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға патриоттық және азаматтық тәрбие беру, өз елінің тарихына құрметпен қарауға баулу. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық ерлігін ұмытпауға тәрбиелеу, тарихи және көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Кітап көрмесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігі туралы естеліктерді сақтау, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, сондай-ақ оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген мақтаныш қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеде көркем шығармалар, деректі материалдар, соғыс батырлары туралы кітаптар ұсынылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Ұлы Жеңіс туралы кітаптармен таныстырып, жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың ерлігі, Жеңіс күнінің қазіргі ұрпақ үшін маңызы туралы әңгімеледі.
Көрме балаларға тарихи оқиғаларды тереңірек түсінуге, дәстүрлер мен ата-баба рухына деген құрметті сақтауға көмектеседі.

Дата публикации: 08.05.2026