«Скарлатина:белгілері мен анықталуы»
"Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия" КММ-де 14 сәуір күні 1-4 сынып оқушыларына мектептің медецина қызметкері Пичугова.Н:Е «Скарлатина:белгілері мен анықталуы» тақырыбында әңгіме өткізді.
Мақсаты: Мақсаты: оқушыларға скарлатина ауруы, оның белгілері, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім қалыптастыру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме барысында оқушыларға скарлатинаның не екені, оның қалай пайда болатыны және дәрігерге дер кезінде қаралудың маңызы түсіндірілді. Оқушылар скарлатинаның көбінесе балалар арасында кездесетін жұқпалы ауру екенін білді. Пичугова Н.Е. аурудың қалай жұғатынын, оның негізгі белгілерін қалай анықтауға болатынын және қандай алдын алу шаралары бар екенін түсіндірді.
Сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау және ерте емделудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Іс-шараға 40 оқушы қатысты

Дата публикации: 14.04.2026