«Рухы биік патриот сарбаз — ел қорғаны»
2 мамыр күні 10 «Ә» сынып оқушысы әрі мектеп президенті Еслямбекова Алина «Рухы биік патриот сарбаз — ел қорғаны» атты республикалық форумға қатысты. Форум Жас патриоттар академиясының 10 жылдығына арналды.
Алина – осы академияның мүшесі әрі жобалау бөлімінің әдіскері. Аталған форумда ол біздің облыстың атынан шығып, академияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.


Дата публикации: 02.05.2026