«Экстремизм және терроризм – қоғамға төнетін қауіптің алдын алу шаралары»
Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда терроризмге қарсы қорғалу жоспарына сәйкес 1–11 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың терроризмге қарсы сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және экстремизм идеологиясының алдын алу.
Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, заң алдындағы жауапкершілік, күдікті заттар табылған кездегі және террористік қауіп туындаған жағдайдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.
 
Дата публикации: 20.11.2026