Профилактика
2026 жылғы 23 қыркүйекте «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда» 3, 4, 6 және 7-сынып оқушыларымен интернет алаяқтықтың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыптарында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шараға Шал ақын ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әбілмажинова Сания Серікқызы, жедел уәкіл Есжанов Дамир және МАИ инспекторы Назар Ренат қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға интернет алаяқтықтың негізгі түрлері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ықтимал қауіптер және интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Жеке мәліметтерді, құпиясөздерді және SMS арқылы келетін кодтарды бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
МАИ инспекторы оқушыларға жол қозғалысының негізгі ережелері мен жолдағы қауіпсіздік шараларын еске салды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке, ақпараттық және жол қауіпсіздігі бойынша пайдалы ақпарат алды.
Дата публикации: 24.09.2026