«Құқықтық лекторий»
20 наурыз күні «Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында»КММ «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы және «Құқықтық лекторий» айлығы аясында 8-сынып оқушыларына арналған «Вандализм және оған қатысты жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға вандализмнің мәні, оған жататын құқық бұзушылық түрлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді. Оқушылар қоғамдық тәртіпті сақтаудың және мүлікке ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Дәрісті учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Букешов А.Т. жүргізді. Ол өзінің қызметтік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді және жасөспірімдер арасында заңды сақтау мен жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Дата публикации: 22.04.2026