Педагогикалық кеңес
📚 2026 жылғы 28 қазанда мектебімізде педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Педагогикалық кеңес барысында 2026–2027 оқу жылының I тоқсанының қорытындысы шығарылып, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. I тоқсанның қорытындысы — Балгабаева Г.Д., Карабекова З.С., Ескендирова Г.Ш.
2. Педагогтерді аттестаттау туралы — директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Таранцева Н.Ю.
3. «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуы туралы — Баймаганбетова М.К.
4. «Мектептің білім беру кеңістігіндегі дебат қозғалысы және өзін-өзі басқару» — Төлепберген Д.Ж.
5. «Мектептегі буллинг пен кибербуллинг: көмек көрсету және алдын алу» — мектеп психологтері Шандакова А.К., Есенова Д.М.
6. «Мектеп парламенті» оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысы — мектептің аға тәлімгері.
7. «2026–2027 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері» — мектептің кәсіптік бағдар берушілері Зейтенова У.О., Маубиева А.К.
8. 2026–2027 оқу жылының I тоқсанында өткізілген тәрбие іс-шаралары туралы ақпарат — Маубиева А.К.
Кеңес барысында баяндамашылар өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, өзекті мәселелерді талқылады және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.
Педагогикалық кеңес сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, тәжірибе алмасуға және мектеп өміріндегі маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
 
Дата публикации: 30.10.2026