Парасат

2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында Павлодар қаласында Торайғыров Университетінде Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында республикалық мектепшілік пікірсайыс турниріне Солтүстік Қазақстан облысы атынан Академик Е. Бөкетов атындағы мектеп - гимназиясының "Парасат"дебат клубының қазақ тілді екі фракция "Алаш ізбасарлары"(Сералиев Темирлан, Калиахмет Сабина) және "Бөкетов ұландары" (Касенова Махаббат, Кусаинова Дильназ ) командалары қатысты.  Екі күн бойы еліміздің барлық аймақтарынан келген 48 командамен БПФ форматында өткен дебат алаңында пікірталастырып, қызықты қарарларды қарастырып, жалынды сөздерін арнап, бақ таластырды. Турнир қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте "Үздік делегация" номинациясын жеңіп алды. Жас дебатшыларымызға және фракция жетекшілері Исатаева Айгуль Айтжановна, Муканова Зарина Тайжановна, Төлепберген Ділнас Жеңісқызына алғыс білдіреміз.

 

Дата публикации: 17.03.2023