Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауға дайындық қалай жүргiзiлуде?

Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау жүргiзудiң мақсаты — бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын бағалау және стандарттарда көзделген жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейiн айқындау болып табылады. Биылғы оқу жылында 4 сыныптар бойынша осы жұмыс барысында ожсб-ға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде. Жоспарға сәйкес пән мұғалiмдерiмен бiрлесiп, тест тапсырмалары алынып, талдау жұмыстары жасалынды. 15 тапсырма бойынша құрастырылған қазақ тiлi, математика және әдебиеттiк оқу пәндерi бойынша оқушылармен дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Тест тапсырмаларын Тестiлеу орталығы, Бiлiм және Ғылым Министрлiгiнiң бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң сайттарында ұсынылған тест тапсырмаларымен жұмыстар ұйымдастырылуда.

Оқушылардың дайындығын анықтау мақсатында,аптасына 1 рет оқу iсi жөнiндегi орынбасары бақылау жүргiзу мақсатында өткiзедi.

«UStudy» аймақтық тестiлеу орталығы арқылы аудандық бiлiм бөлiмiмен 2019 жылдың 15 ақпанында бiздiң мектеп-гимназиясында 4 сыныптар бойынша тест алынды. Қазақ сыныптарынан 4 сыныптан 14 оқушы қатысты. Тест тапсырмасы екi пән бойынша қазақ тiлi мен математикадан өткiзiлдi. Пән бойынша 15 тапсырмадан жоспарланған. Оқушылар тестi 1 сағат 10 минут жазды.

Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауға дайындық қалай жүргiзiлуде? Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауға дайындық қалай жүргiзiлуде?

Дата публикации: 18.02.2019