“Оқитын мектеп”

Бүгін “Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда” “Оқитын мектеп” жоба аясында “Звездный час” викторинасы өткізілді.Викторинаның тақырыбы “Өз елінді білесің бе?” . Кітапханашы ойын түрінде викторина ұйымдастырды, оның барысында оқушылар өз елінің тарихы, мемлекеттік рәміздерді, өмірбаяны, мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін тексеріп толықтырды. Оқушылар тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін, зейіндерін және белсенділіктерін көрсетті. Викторина барысында салауатты бәсекелестік, ынтымақтастық, және өзара құрмет атмосферасы қалыптасты.

Дата публикации: 25.12.2025