Ата-аналардың жалпы мектепішілік жиналысы
22 мамыр күні КММ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында» ата-аналардың жалпы мектепішілік жиналысы өтті.
Жиналыс барысында полиция майоры Енсегенова Ж.Ж. жазғы кезеңдегі қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау және балалар жарақатының алдын алу мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Шал ақын ауданының дәріхана меңгерушісі Кусаинова А.А. дәрілік заттарды қауіпсіз сақтау және балалардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін шектеу қажеттілігі туралы айтты.
Шал ақын ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Салтаев Н.Е. жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенес Асыл Дулатовна қорытынды аттестаттау мәселелерімен таныстырса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймағанбетова М.К. СППС қызметі және оқушылармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат берді.
Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, тәрбиесі мен денсаулығын сақтау бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды.
Дата публикации: 22.05.2026