«Менің болашақ мамандығым арманнан басталады»
КММ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында» 24 қыркүйек күні 9–11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар кітапханалық навигаторы» – «Менің болашақ мамандығым арманнан басталады» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ету, мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы әртүрлі мамандықтармен, олардың ерекшеліктері және қазіргі қоғамдағы маңызымен таныстыруға бағытталды. Кітаптар, ақпараттық материалдар және пікір алмасу арқылы оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттері, болашақ кәсіби қызметі туралы ойлануға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында оқушылар мамандық таңдаудың арманнан, белгілі бір салаға деген қызығушылықтан және өз қабілеттерін дамытуға деген ұмтылыстан басталатынын түсінді.
 
Дата публикации: 28.09.2026