Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында конференция өткізілді
Бүгін мектеп-гимназиясы қабырғасында біртуар тұлға, академик, ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында конференция өткізілді.
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Набиев Нурбек Айбекович, аудандық білім бөлімі басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі Шаниев Қойшыбай Жаныбайұлы, мұражай директоры Таушарова Маржан Жомартовна, аудандық кітапхана өкілі Фогель Татьяна Викторовна, Сергеевка қаласының мектеп директорлары Билялова Нагима Жакотовна, Уаисова Асыл Каримовна.
СҚУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Плешаков Анатолий Андреевич және ауданымызға Қарағанды қаласынан келген құрметті қонақтарымыз Профессор Букетова Нұрсұлу Ибрайқызы, Ержанов Арман Мейірбекұлы шет тілдер колледжінің директоры,
Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры орынбасары Кельмагамбетова Ермек Кобегеновна және немере қарындасы Букетова Айсулу Камзабаевна академиктің туысқандары мен ауданның педагогтары, мектеп оқушылары қатысты.
Мектеп директоры Мухамедин Сырым Қойшыбайұлы конференция қонақтарын қатысушыларға таныстырды.
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Набиев Нурбек Айбекович ізгі тілегін білдіріп, академик Е.А.Бөкетовтың меретойына арнап, профессор Букетова Нұрсұлу Ибраевнаны аудан әкімінің атынан құрмет грамотасымен марапаттады.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы жылы лебізін білдіріп, Нұрсұлу Ибраевнаға құрмет грамотасын табыстады.
Тағылымға толы, мазмұнды конференцияда сөз алған әрбір баяндамашы академиктің өмірі, шығармашылығы, оның еңбектері мен елге жасаған ізгілік жолы жайлы кеңінен жиналған қауымға баяндады.
Ауданымызда, мектептерде жоспарлы өтіп жатқан іс-шаралардың 100 жылдық мерейтойға бағытталғаны айтылып өтті.
Конференция соңында қонақтарға сый-сыяпат жасалып, тамаша әнмен жалғасты.

Дата публикации: 10.04.2025