«Кітап оқу»

2026 жылғы күзгі демалыс кезінде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің 1–11 сынып оқушылары «Кітап оқу» акциясына қатысуда. Акцияның мақсаты — оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту. Демалыс кезінде оқушылар үйде кітап оқуды жалғастырып, әртүрлі жанрдағы шығармалармен танысады, дүниетанымын кеңейтеді және бос уақыттарын тиімді өткізеді.

Дата публикации: 28.10.2026