«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының маңызын түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Қазақстанның біртұтас жер екендігі, көпұлтты халықтың достығы мен ынтымағы, ортақ болашаққа деген сенім тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Пікір алмасу кезінде достық, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Іс-шара жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Қорытынды бөлімде Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағы бірлік пен келісімге негізделетіні атап өтілді.
 
Дата публикации: 15.12.2025