«Қамқор»
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Адал азамат» жобасының «Қамқор» бағыты аясында оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, өзара көмек және айналаға құрмет сезімдерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақты мейірімділікке, жанашырлыққа, өзгеге қамқор болуға және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу. Оқушылар игі бастамаларға белсене қатысып, ұйымшылдықтарын, қамқорлықтарын және әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыстарын көрсетті.
Осындай іс-шаралар рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, өзара сыйластық мәдениетін нығайтуға және елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге ықпал етеді.

Дата публикации: 19.05.2026