«Жасанды интеллект: табысты білім беруге арналған тиімді шешімдер»
15 сәуір «Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Жасанды интеллект: табысты білім беруге арналған тиімді шешімдер» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Қатысушыларды тіркеу үшін жасанды интеллект негізінде әзірленген Face ID жүйесі қолданылды.
Семинар қонақтарын музыкалық композициямен қарсы алды, оның мәтіні, әуені және визуалды сүйемелдеуі де жасанды интеллект көмегімен жасалды.
Мектеп директоры Мухамедин С.К. семинар қатысушыларына жасанды интеллект арқылы әзірленген SMART SCHOOL (Management System AI) сайтын таныстырды. Сайт 4 бөлімнен тұрады: әкімшілік басқару, ЖИ-ассистенттер, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.
Турленов Н.Н. сайтты әзірлеу барысында қолданылған жасанды интеллект мүмкіндіктері педагогтерге ҚМЖ құрастыруға, жиынтық бағалау жұмыстарын әзірлеуге, ПББ, ООЖБ, ҰБТ және PISA-ға дайындалуға қалай көмектесетінін түсіндірді. Пәндік бөлімдерде мектеп педагогтеріне оқыту барысында жасанды интеллектті қолдануға арналған материалдар ұсынылған.
Әкімшілік басқару бөлімі мектептің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Таранцева Н.Ю., Кенес А.Д. және Баймағанбетова М.К. тарапынан таныстырылды. Олар өз баяндамаларында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда, мектеп жұмысының сапалық көрсеткіштерін мониторингтеуде және тәрбие жұмысында жасанды интеллектті қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Инклюзияны қолдау кабинетінің арнайы педагогтері Серкова Е.А. мен Ефимова А.В. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс барысында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.
Мектеп-гимназиясының педагогі Габбасов С.С. семинар қатысушыларын басшы мен педагог қызметіндегі жасанды интеллектті практикалық қолдануға тартты. Әсіресе, NotebookLM платформасы негізінде жасалған ақылды көмекші қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
SMART SCHOOL (Management System AI) сайтын әзірлеуге информатика пәні мұғалімдері Қабдушев Д.М. және Қалиасқаров А.К. белсенді түрде қатысты.
Семинардың қорытынды бөлімінде Шал ақын ауданының білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы педагогтердің еңбегіне жоғары баға берді. Аудан мектептерінің директорлары мен олардың орынбасарлары ұсынылған сайттың мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты.
Дата публикации: 17.04.2026