Ақпарат
ҚАУІПСІЗ МҰЗ – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ!
«Жұқа мұз – үлкен қауіп!»
Шал ақын ауданының академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында күзгі-қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында мектебімізге Шал ақын ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қайнетов Бахтияр Кенжеболатович келіп, 6 «Ә» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында маман оқушыларға су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұқа әрі қатпаған мұзға шығудың қауіптілігі және мұз астына түсіп кеткен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы түсіндірді.
Оқушыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, өмір мен денсаулықты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Есіңізде болсын: жұқа мұзға шығу – өміріңізге қауіп төндіреді! Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі.
Дата публикации: 18.11.2026