Ақпарат
Эмоциялар және жанжалды жағдайларды шешу
Бастауыш сыныптарда әлеуметтік педагогтар эмоциялар және жанжалды жағдайларды шешу жолдары тақырыбында әңгімелер өткізді.
Әртүрлі өмірлік жағдайлар мысалында оқушылар өз сезімдері мен эмоцияларын ажыратуды, әртүрлі жағдайларда қандай сезімде болатынын түсінуді, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді үйренді. Өз сезімдерін дұрыс жеткізуге, басқа адамдардың эмоцияларын түсінуге және айналасындағыларға құрметпен қарауға ерекше назар аударылды.
Мұндай әңгімелер оқушылардың эмоционалдық сауаттылығын, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.


Дата публикации: 05.11.2026