Ақпарат
Бүгін, 2026 жылдың 23 қыркүйегінде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда " КММ әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге шақырылды:
- Шал ақын және Тимирязев аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы - подполковник Қонысбек Д.
- Шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы - Нұрғалиев Берік Ташмұхамедұлы.
- Шақыру және әскерден тыс жұмыс жөніндегі инспектор - Вдовина Елена Георгиевна.
Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Ерекше атап өтілген біздің мектеп-гимназиямыздың бұрынғы түлегі Калюпа Дмитрий Александрович, ол сәтті түсіп, қазіргі уақытта Санкт-Петербург қаласындағы Михайлов атындағы әскери артиллерия академиясында (Ресей Федерациясы) білім алуда.
Калюпа Дмитрий Александрович- біздің оқушыларымыз үшін үлгі, ол жақсы оқуының және дене дайындығының арқасында ең беделді әскери ЖОО-ның біріне түсуге болатынын көрсетті.
Кездесу барысында оқушыларға түсу шарттары, жеңілдіктер, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері және ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындарына және ҚР ҚМ квотасы бойынша шетелдік ЖОО-ға құжаттарды тапсыру тәртібі түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.
БӘД педагог-ұйымдастырушысы: Абилкасов А.С.

Дата публикации: 23.09.2026