Ақпарат
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу, білім алушылардың өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында оқушыларға есірткіге тәуелділік, алкоголизм, лудомания, дропперлік, буллинг және қазіргі қоғамдағы өзге де жағымсыз құбылыстардың алдын алу тақырыптарында деректі фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара барысында білім алушылар жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, психологиялық және физикалық денсаулықты қорғау, сондай-ақ зиянды әдеттер мен қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұру жолдары туралы пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
 
Дата публикации: 22.05.2026