Ақпарат
5–11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай жеке қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Сабақтардың мақсаты – білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға жол қозғалысы, өрт және интернет қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
 
Дата публикации: 21.05.2026