Ақпарат
5–8 сынып оқушыларымен қауіпсіздік бойынша профилактикалық сабақтар өткізілді. Оқушылар жол жүру ережелерімен, сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптарымен танысты.
Сабақ барысында көшеде, қоғамдық орындарда, су айдындарының жанында және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шараларына ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздікке жауапкершілігін арттыру және жазғы кезеңде түрлі қауіп-қатердің алдын алу.


Дата публикации: 18.05.2026