Ақпарат
ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай жоғары сынып оқушылары арасында ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ВИЧ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарап, қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті: оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Осындай тәрбиелік шаралар жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, өмір мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
 
Дата публикации: 12.05.2026