«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы және 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған «Бала құқығы – адам құқығы» акциясы аясында 6–7 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Жасөспірімдермен қысым көрсету, жеке заттарын немесе ақшасын талап ету, құпиясөздерін беруге мәжбүрлеу, шамадан тыс бақылау және фотосуреттерді рұқсатсыз тарату сияқты жағдайлар талқыланды. Оқушылар мұндай жағдайларда қауіпсіз түрде бас тарту, жағдайдан шығу және көмекке жүгіну жолдарын қарастырды.
Іс-шаралардың басты мақсаты – әрбір баланың қауіпсіздікке, құрметке және қорғалуға құқығы бар екенін түсіндіру. Зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік әрдайым оны жасаған адамға жүктеледі, жәбірленушіге емес!
 
Дата публикации: 17.11.2026