Денсаулық күні
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сәйкес, Денсаулық күні аясында мектебімізде күрес түрінен спорттық жарыстар және футзалдан турнир өткізілді. 

Жарысқа қатысушылар өздерінің күш-қайратын, ептілігін, төзімділігін, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті! Әрбір спортшы өз қабілетін танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алды.
Денсаулық — басты байлығымыз, ал спорт — жетістікке жетелейтін жол! 

Дата публикации: 29.10.2026