Денсаулық күні
🍂 СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ, КҮШ-ҚАЙРАТ ЖӘНЕ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС! 💪🏆
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сәйкес, Денсаулық күні аясында мектебімізде күрес түрінен спорттық жарыстар және футзалдан турнир өткізілді. ⚽🤼‍♂️
Жарысқа қатысушылар өздерінің күш-қайратын, ептілігін, төзімділігін, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті! Әрбір спортшы өз қабілетін танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алды.
👏 Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға белсенділіктері, спорттық рухтары және жарқын эмоциялары үшін алғыс білдіреміз!
Денсаулық — басты байлығымыз, ал спорт — жетістікке жетелейтін жол! 🥇
 
Дата публикации: 29.10.2026