«Зияткерлік күні»
“Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия” КММ-де 20 сәуір күні 5-6 сынып 20 сәуір күні 5–6 сынып оқушыларына арналған «Зияткерлік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлауын және зияткерлік қабілеттерін дамыту, білімге және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту және алған білімдерін ойын түрінде бекіту.
«Зияткерлік күні» іс-шарасы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Іс-шара барысында викториналар, зияткерлік ойындар, ребустар мен логикалық тапсырмалар өткізілді. Оқушылар өз білімдерін, тапқырлығын, эрудициясын көрсете алды, сондай-ақ топпен жұмыс істеуді және жылдам шешім қабылдауды үйренді. Ойын түріндегі жұмыс оқу үдерісіне деген қызығушылықты арттырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.

Дата публикации: 20.04.2026