Дебат
📌 Дебат тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет – бұл мамандық па, әлде өмірлік шақыру ма?»
🎯 Мақсаты: білім алушылардың пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлін түсіндіру.
Іс-шара барысында «Мемлекеттік қызмет – бұл мамандық па, әлде өмірлік шақыру ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Қатысушылар екі тарапқа бөлініп, өз көзқарастарын қорғап, мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы туралы қызу пікірталас жүргізді.
💬 Дебат барысында оқушылар нақты дәлелдер келтіріп, мысалдармен бөлісіп, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып өз ойларын еркін жеткізе білді.
Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтті, қатысушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
 
Дата публикации: 12.04.2026