«Отанға құрмет»
“Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия” КММ-де 6 мамыр күні 8-сынып оқушылары үшін «Отанға құрмет» атты кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, патриоттық бағыттағы әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отан туралы білімдерін тереңдету, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және өзгелерді тыңдай білуге үйрету.
«Отанға құрмет» атты кітап көрмесі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына және оның қаһармандық өткеніне деген құрмет тақырыптарын ашуға бағытталған. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан туралы көркем әдебиеттермен, Отан қорғаушылардың ерліктерімен, көрнекті тұлғалармен және халықтың мәдени мұрасымен танысты.
 
Дата публикации: 06.05.2026