Ақпарат
Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында терроризмге қарсы қорғалу жоспарына сәйкес «Төтенше жағдайлар / Төтенше оқиғалар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде өзін қалай ұстау керек, қандай алғашқы іс-әрекеттерді жасау қажет, кімге хабарлау керек және эвакуация кезінде қандай ережелерді сақтау керек екені түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаттары:
🎯 Оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстыру
🎯 Қауіпті жағдайда дүрбелеңге түспей, дұрыс және жылдам әрекет етуге үйрету
🎯 Өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қалыптастыру
🎯 Терроризмге қарсы қорғалу және жеке қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін арттыру
🎯 Оқушылардың қырағылығын, сақтығын және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеу
Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Қауіпсіздік — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
 
Дата публикации: 27.11.2026