Ақпарат
📢 МЕКТЕБІМІЗДЕ АТА-АНАЛАР КОНСИЛИУМІ ӨТТІ
Бүгін мектебімізде «Құқық бұзушылықтың алдын алу: жасөспіріммен ережелер мен шекараларды қалай орнатуға болады?» тақырыбында ата-аналар консилиумы өтті.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапты мінез-құлықты қалыптастырудағы отбасының рөлі, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуде ережелер мен шекараларды белгілеу, өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🤝 Осындай кездесулер мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ата-аналарға бала тәрбиесінде тиімді тәсілдерді қолдануға көмектеседі.
Бірге балаларымыздың қауіпсіз әрі қолайлы дамуына жағдай жасаймыз! 💙
 
Дата публикации: 12.11.2026