📢 Құрметті ата-аналар!
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусымнан басталды.
Биыл Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Өтінішті eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ OQU порталы арқылы беруге болады.
Өтініштерді қарау кезінде мектептің шағынауданына (микроучаскесіне) тіркелген балаларға және жеңілдік санаттарына жататын, оның ішінде көпбалалы отбасылардың балаларына басымдық беріледі.
Таңдалған мектепте мектепалды даярлықтан өткен балалар өтініш берілгеннен кейін автоматты түрде қабылданады.
📅 Оқуға қабылдау туралы бұйрықтар 2026 жылғы 25 тамыздан бастап шығарылады. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 31 тамыз.
Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- № 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
- баланың № 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
- 3×4 көлеміндегі фотосурет;
- ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі.
Жеңілдік санаты бойынша қабылданатын жағдайда қосымша мынадай құжаттар талап етілуі мүмкін: шағынауданда тіркелгенін растайтын құжат, көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттар, инклюзивті білім беру үшін ПМПК қорытындысы, қорғаншылық туралы құжаттар немесе шетел азаматтарына арналған тұруға ықтиярхат.
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.
Тел.: 87153420205