Ақпарат
Бүгін мектебімізде 1–4 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» атты маңызды әрі өзекті тақырыпта біріктірілген тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас бүлдіршіндердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен тәртіпке баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар заң мен тәртіптің маңызы туралы түсінік алып, өз құқықтары мен міндеттері жайында ой бөлісті. Түрлі ойындар, сұрақ-жауаптар мен тәрбиелік тапсырмалар арқылы балалар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойында әділдік, жауапкершілік, адалдық қасиеттерін қалыптастырып, саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді. орысша аударып бер
 
Дата публикации: 25.05.2026